08 маусым 2021 18:03

БАҚ Томирис Байсафа ісіне қатысты үкімді күмәнді деп атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Томирис Байсафа Томирис Байсафа

Ресейлік MK.ru ("Московский Комсомолец") басылымы Дағыстанның бұрынғы премьер-пинистрінің ұлы Муртазали Меджидовтың ММХҚИ студенті қазақстандық Томирис Байсафаның ісі бойынша ақталуын күмәнді деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік MK.ru ("Московский Комсомолец") басылымы Дағыстанның бұрынғы премьер-пинистрінің ұлы Муртазали Меджидовтың ММХҚИ студенті қазақстандық Томирис Байсафаның ісі бойынша ақталуын күмәнді деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым алқабилер үкімі туралы: "Алқабилердің ММХҚИ студентін өлтірді деп айыпталған адамды ақтап шығарғаны таңғаларлық. Олар Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы белгілі бір әрекет жасағанын растады, бірақ ақтап шығарды".

Басылым 21 жастағы Томирис 4-ші қабаттағы терезеден біртүрлі жағдайда құлап кеткенін жазды.

"Оқиға кезінде қыз жігіті Муртазали Меджидовпен сөйлесіп тұрған. Кейін жігіт жазатайым жағдай болғанын айтты. Тергеу барысында ол айғақтарын бірнеше рет өзгерткен. Бірақ қыздың өліміне кәнілі емес екенін айтты. Іс бойынша бірқатар сараптама жүргізілген. Олардың бірінде жасанды адам денесімен тәжірибе жүргізілді. Олар денені Меджидовтың айтуы бойынша 4-ші қабаттан құлатып көрді. Ол бірнеше рет аяғымен және бетімен жерге түскен. Алайда, шын мәнінде, қыз арқасымен құлаған. Сондықтан ауыр жарақаттар алған. Марқұмның туыстары қызды итеріп жібергеніне сенімді. Оның мәйіті де терезеден бірнеше метр жерде жатқан. Мұның бәрі қызы итеріп жібергенін көрсетеді. Сайып келгенде, тергеушілер қылмыстық істі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабынан "Адам өлтіру" бабына қайта саралады", - деп жазады MK.ru.

Дүйсенбіде үш сағаттық кеңестен кейін, құрамында алты адам бар алқабилер соты шешімін жариялады.

"ММХҚИ терезесінен студент қыздың құлау дерегі болды ма деген бірінші сұраққа, қазылар алқасы бірауыздан "иә" деп жауап берді. Екінші сұраққа: "Бұл әрекетті Байсафамен жанжал кезінде Меджидовтың жасағаны дәлелденді ме?" - деген сұраққа бірауыздан "иә" деп жауап берді. Үшінші сұраққа: "Меджидов бұл әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі ме?" - деген сұраққа бес алқаби мүшесі "жоқ", біреуі "иә" деп жауап берді. Сот айыпталушыны бірден босатты", - делінген БАҚ-та.

Бұған дейін бір күн бұрын айыпталушыны алқабилер қыздың өліміне кінәсі дәлелденбеді деп ақтап шығарған болатын. Кейін Мәскеу соты Муртузали Меджидовты Томирис Байсафаны өлтірді деп тағылған айыптан ақтағаны белгілі болды. Сот үкімі шыққаннан кейін Томирис Байсафаның анасы пікір білдіріп, енді не істейтінін айтты.

 Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети