22 қараша 2019 10:50

Банктен 87 миллион теңге ұрлап кеткен қазақстандықтың хаты табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов кассадан 205 мың еуро (шамамен 87 миллион теңге) ұрлап, шетелге қашып кеткен "Еуразия банкінің" Жітіқара ауданындағы басшысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Костанайские новости".


Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов кассадан 205 мың еуро (шамамен 87 миллион теңге) ұрлап, шетелге қашып кеткен "Еуразия банкінің" Жітіқара ауданындағы басшысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Басылымның мәліметінше, 12 қарашада 29 жастағы Мырзабай Шалбаев банке ақша айырбастау үшін қомақты сома әкелген. Видеокамерадан күдіктінің кассаға өтіп, кассир басқа жаққа қараған кезде шкафтың ар жағында тұрған ақшаны сөмкесіне салып алып кеткені көрінеді. Ақшаның ұрланғанын ревизор байқаған.

Келесі күні банк қызметкері "Қайрақ" бекеті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасынан өткен. Ақша ұрланғаны жайлы хабар келген соң оған бірден халықаралық іздеу жарияланған.

"Күдікті Челябіге жеткенде пәтер жалдаған. Біз арнайы топ құрып, Челябіге бардық, қасымызда банк қауіпсіздігі қызметінің өкілі болды. Челябі аудандық Ішкі істер басқармасына өзім хабарластым, қызметкерлерін бізге жіберуін сұрадым. Такси жүргізушісі күдіктіні қалдырып кеткен жерден жұмысымызды бастадық. Іздерімен жүріп, таптық. Ол өз ісін біледі, ешбір қатесіз әрекет етті, телефондарын лақтырып жіберді, пәтерден шықпай отырды. Оны компьютерлік технологиялардың көмегімен таптық", - деді Аймағамбетов.


Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов. © ng.kz

Челябі облыстық ІІМ басқармасындағылар күдіктіні ұстауға атсалысқанын растады.

"Біздің қызметкерлер жедел-іздестіру жұмыстарына қатысты. Қылмыстық істің өзі Қазақстанда жүргізіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер 74.ru порталына.

Банк қызметкерінен жауап алу кезінде ақшаның бір бөлігі сегіз несиені жабуға жұмсалғаны анықталды.

Сондай-ақ, күдікті Жітіқарада жалдаған пәтерден хат табылған. Хатта "Мама, кешір мені, мен қарызға кірдім. Уайымдама, бәр жақсы болды. Өмірімде осындай жағдайға тап боламын деп ойламадым" деп жазылған.

Еске салайық, мұның алдында банктен 87 миллион теңге ұрлап, шетелге қашып кеткен қазақстандықтың Ресейде ұсталғаны хабарланған болатын. "Күдікті жалдамалы пәтерде жасырынған. 20 қарашада пәтерде тінту жұмыстарын жүргіу барысында ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды - 136 мың еуро (58 миллион теңге). Қазіргі уақытта қазақстандық Челябі қаласының уақытша тергеу изоляторында", - делінген еді полицейлердің хабарламасында.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети