Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

БҚО-да 5 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды 24 мамыр 2016, 15:28

Еске салайық, 17 қаңтарда Орал-Ақсай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болған еді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© vk.com © vk.com

Батыс Қазақстан облысы Теректі сотында бес адамның өліміне кінәлі деп танылған Қанат Жұмабековке қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жұмабеков Қанат Аманғалиұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Судья Марат Мәліков оны 5 жылға бас бостандығынан айырды және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырып, жазасын қоныс колониясында өтеу туралы үкім шығарды", - деді Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз хатшысы Гүлмира Кенжеғалиева.

Еске салайық, 17 қаңтарда Орал-Ақсай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болған еді. Lada мен VWSharan автокөліктерінің соқтығысуы нәтижесінде жүргізуші мен екі жолаушы қаза тауып, екі адам сол күні түнде ауруханада кайтыс болған.


Join Telegram