23 маусым 2023 17:38

БҚО-да банктердің бірінде 100 миллион теңгеден аса қаржы жымқыру дерегі анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық полиция бөліміне банктердің бірінің аға менеджері ақша жымқыру дерегі бойынша жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шағымданушы полицияға банкте мамырдың аяғында жүргізілген тексеріс барысында 67 миллион теңге, 34 500 еуро (шамамен 17 миллион теңге) және 80 мың доллар (шамамен 36 миллион теңге) ұрланғаны анықталғанын айтты. Осылайша, ұрланған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 120 миллион теңге болған.

"Қазір екі адам ұрлық жасады деген күдікке ілініп, оның бірі ұсталды. Алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети