13 сәуір 2022 12:59

Блогерлер жарнамалаған: Mudarabah Capital ісіне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mudarabah Capital жарнама ролигінен алынған кадр Mudarabah Capital жарнама ролигінен алынған кадр

Ішкі істер министрлігі өкілі Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі өкілі Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір қылмыстық іс бойынша көп жұмыс атқарылды. Экономикалық, бухгалтерлік сот сараптамалары тағайындалды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды өтеу мақсатында тергеуші күдіктілер мен олардың туыстарына тіркелген Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы, Алматы облысындағы мүлікке - жер учаскелеріне, пәтерлерге, жеке үйлерге, автокөліктерге, дүкенге және компанияның барлық есеп айырысу шотына тыйым салды", - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, тәркіленген мүліктің тағдырын сот шешеді. Сондай-ақ, қылмыстық іс аясында 14 адам күдікті деп танылды.

"Азаматтарды осы пирамидаға өз ақшаларын салуға шақырған блогерлерге қатысты айтар болсақ, үш блогер де қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Екеуіне қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы, біреуіне күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, халықаралық іздестіру жарияланды", - деп хабарлады Әділов.

Ол таңдалған бұлтартпау шаралары қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қабылданғанын, прокуратура органдары мақұлдағанын және сот тағайындағанын қосты.

"Жәбірленуші тарап процеске қатысушы ретінде қылмыстық қудалау органының қаулысына, оның ішінде бұлтартпау шарасы туралы бірде-бір шешімге шағым жасаған жоқ. Жақын арада қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыру үшін қылмыстық істі беру жоспарланып отыр, содан кейін ол сотқа жіберіледі", - деп толықтырды Әділов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети