21 қаңтар 2019 13:06

БТА Банк директорлар кеңесінің төрағасынан миллион доллар бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ugranow.ru © ugranow.ru

Бас прокуратура ҰҚК-мен ұстау шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бас прокуратура ҰҚК-мен ұстау шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2019 жылғы 19 қаңтарда Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Д. Ысқақовты және уақытша жұмыссыз Д. Әлпиев пен Э. Сүлеймановты қылмыс үстінде ұстады", - делінген таратылған хабарламада. 

Көрсетілген адамдар "БТА Банк" АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасынан бір миллион АҚШ долларын Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін алаяқтық жолмен бопсалаған.

Бұл ретте, Д.Ысқақов осы қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген. Д.Ысқақов, Д.Әлпиев және Э.Сүлеймановтарға қатысты Алматы қаласының Мамандандырылған тергеу соты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын  тағайындады", - делінген хабарламада. 

Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети