27 мамыр 2016 11:46

Біз өз өміріміз үшін қорқып отырмыз - 17 жастағы Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдіктінің әйелі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ОҚО-да 17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдіктінің жанұясы өз өмірлері үшін алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ОҚО-да 17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдіктінің жанұясы өз өмірлері үшін алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Күдікті Әлішер Арғынбаевтың жұбайы Талшын Арғынбаеваның айтуынша, отбасына үркітулер айтылыпты, сондықтан ол екі қызының өміріне алаңдап отыр екен. "Енеме үйімізді өртеп кететініндерін айтыпты. Қазір үйіміздің ауласын полицейлер қоршауға алды. Үйіміздің алдында екі адам, көшенің басында бір адам және үйіміздің артқы жағынан тағы бір полицей күзетте тұр", - дейді ол.

Сонымен қатар, Арғынбаева екі қызы бар екенін айтты. "Алда біреуі екіге толады, екіншісі төртке толады. Енемізбен бірге тұрамыз. Біз өз өміріміз үшін қорқып отырмыз. Күйеуіммен отасқанымызға міне, 6 жыл болды. 2010 жылы отасқанбыз. Күйеуім еш жерде жұмыс істемейді, үй шаруашылығымен айналысып, қыздарымды балабақшаға алып барады. Кафеде жұмыс істейтін анасына көмектеседі. Анда-санда адам тасымалдап, нәпақа табады", - деп әңгімеледі күдіктінің әйелі.

Ол бұл жаңалықты естігенде мүлдем сене алмапты. Ал күйеуінің қолынан мұндай қорқынышты іс келеді деп ойламайтынын айтады. "Ешқандай өзгеріс байқамадым. Ондай қылмыс жасайтын адамда бір өзгеріс болуы керек деп ойлаймын. Бірақ күйеуімнен ешқандай өзгеріс көрмедім. Өте пысық адам, ақкөңіл, ішкілікке салынбайды. Отасқан алты жылда маған саусағының ұшын тигізіп көрмеген. Ашушаңдығы мүлде жоқ. Қаза болған қыздың жаняұсы одан өлідей айырылып отырса, біз жалғыз арқасүйерімізден тірісінде айырылып отырмыз. Менің күйеуімнің қолынан мүлдем ондай іс келмейді. Өзінің денсаулығы да жоқ, өте арық. Оның үстіне біз өз өміріміз үшін қорқып отырмыз, сол үшін бүгін адвокат арқылы полицейлердің күзетін создыру үшін өтініш дайындап жатырмыз. Қазір үйден шықпаймыз, туысқандарымыз келіп-кетіп жүреді", - деп қорытындылады сөзін Талшын Арғынбаева.

Айта кетейік, кеше, 26 мамырда күдікті екі айға қамауға алынған болатын. Еске салайық, Жібек жолы ауылының тұрғыны - 17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша істе күдікті. Шымкенттегі жоғары оқу орнының студенті Әйгерім Оспанбекова 10 мамырда жоғалып кеткен еді. Қылмыстық істің материалдары бойынша, қыз оның көлігіне Сарыағаш ауданында отырған, бірақ Шымкентке сол күйі жетпеген. Прокурордың айтуынша, Әйгерім оның көлігіне отырғанда салонда тағы екі жолаушы болған. Әйелдер шығып кеткен, ал 17 жастағы студент Шымкентке жетуі тиіс болған. Бірақ қалаға жетпестен Opel Vectra маркалы автомобиль бұзылып, орталарында жанжал шыққан. 

ОҚО ІІД мәліметінше, 25 жастағы жүргізуші ашуланып, қыздың ішіне және кеудесіне төрт мәрте бұрауыш тығып алған. Кейін денесін жасырғысы келген. Сарыағаш ауданына қарай бағыт алған көлік жүргізушісі жол бойындағы дүкендердің бірінен скотч сатып алып, қыздың мойнын орап, аяқ-қолын байлаған. Кейін студенттің денесін Сарыағаш ауданындағы Бағыс ауылының маңында көміп кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети