06 наурыз 2017 15:55

Дәрігерлер ОҚО-да қытайлық сөмкеден табылған сәбидің жағдайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер ОҚО-да қытайлық сөмкеден табылған сәбидің жағдайын айтып берді. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дәрігерлер ОҚО-да қытайлық сөмкеден табылған сәбидің жағдайын айтып берді. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайрам аудандық ауруханасының дәрігерлері тастанды сәбидің диагнозын айтты - "Өмірге келгеннен кейінгі кезең. Суықтау жарақаты синдромы және босану жарақаты мен індет жұқтыру қаупі". Бала мезгілі жетіп туған, салмағы - 3088, бойы 32 сантиметр. Бала суықтап қалғаннан ауыр жағдайға түскен сәтінде табылды. Табылған сәтте бала есін білген, адамдарға қарап, өз бетімен демалған. 

Ал кіндігі матамен байланыпты. Қазіргі уақытта дәрігерлер бірқатар тексеру жүргізіп жатыр. "Баланың жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы қалыпқа келді", - деді дәрігерлер. 

Қазіргі таңда полицейлер нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. 

Еске салайық, 2017 жылы 4 наурызда 16:45-те Сайрам АІІБ қызметіне аудандық аурухананың жансақтау бөліміне көшеден табылған жаңа туған нәрестенің түскенін хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер Ақбұлақ ауылының жергілікті тұрғыны жол жүгінен жылап жатқан баланың дауысын естіп, жедел жәрдем шақырғанын анықтаған. Дәрігерлер баланы аудандық ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта баланың жағдайы дұрысталған. 

Осы іс бойынша Сайрам АІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша біріңғай реестрге тіркеген. Қазіргі уақытта полицейлер сәбидің анасын табу үшін барлық шараны жасап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети