01 наурыз 2020 13:38

Екібастұзда полиция қызметкері өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Екібастұзда полиция қызметкері өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Екібастұзда полиция қызметкері өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицейдің қайтыс болғану туралы ақпарат әлеуметтік желіде және кейбір БАҚ-та жарияланды. "1 наурызда сағат 05.46 - де Екібастұз полиция басқармасына Абай көшесі, 158 мекенжайында орналасқан ресейлік есептегі ВАЗ 2115 маркалы автокөлігінің салонында Екібастұзда Екібастұз полиция басқармасының ОКП жедел уәкілі, 1993 жылы туған полиция капитаны мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті", - делінген ақпаратта.

Алдын ала болжам бойынша, капитанды қауіпсіздік белбеуімен қылғындырған болуы мүмкін. Оқиға орнына қала прокуроры, жедел тергеу тобы аттанған. Оқиға орны қоршауға алынды. 

Екібастұз әкімдігі бұл мәліметті растады, ол шын мәнінде полиция қызметкері екен. "Қызметкердің қаза табуының барлық жағдайы анықталғаннан кейін оның отбасына көмек көрсету мәселесі қаралады", - деп атап өтті Екібастұз әкімдігінің өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети