1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Екібастұздағы кісі өлтіру оқиғасы: қылмыс мотиві айтылды 25 ақпан 2021, 10:12

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 60 жастағы екібастұздықтың өліміне жәбірленуші мен күдіктінің қарым-қатынасы себеп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 60 жастағы екібастұздықтың өліміне жәбірленуші мен күдіктінің қарым-қатынасы себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кісі өлтіруге түрткі болған жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы тұрмыстық және жұмыс барысындағы жанжалдарға байланысты бұрыннан келе жатқан дұшпандық қарым-қатынас екені анықталды", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Еске салайық, 23 ақпанда таңғы сағат 8 шамасында Екібастұз қаласының орталығында Сәтбаев көшесі, 12/6 мекенжайында орналасқан аулалардың бірінде оқпен жараланған ер адамның денесі табылғаны хабарланған еді.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан ер адам қоқыс төгуге шықаны көрінеді. Қайтар жолда оған медициналық маска мен көзілдірік киген белгісіз адам оқ атып, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Кейін марқұмның жеке басы белгілі болды. Ол "Северные МЭС" KEGOС АҚ Екібастұз бөлімшесінің қызметкері Жанат Мақсұтов екені анықталды. Кәсіпорын басшылығы бұл ақпаратты растады және қайтыс болған адамның отбасына көмектесетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Егер ұсталған адамның кінәсі расталса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал кеше, 24 ақпанда Екібастұзда жұрттың көзінше ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталғаны белгілі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!