31 тамыз 2016 | 15:43

Есікте қыз зорлады деген төртінші күдікті 2 айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматы облыстық Еңбекшіқазақ аудандық соты Есіктегі қыз зорлау ісіндегі төртінші күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.


Алматы облыстық Еңбекшіқазақ аудандық соты Есіктегі қыз зорлау ісіндегі төртінші күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

1992 жылғы төртінші күдікті 24 тамызда ұсталған болатын. "26 тамызда екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы адам ұрлауы")", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Еске салайық, осыған дейін, 23 тамызда осы іс бойынша қалған үш күдікті 2 айға қамауға алынған болатын. Ал оның алдында осы іске қатысы бар екі әйелді анықтап, ұстау бойынша шаралардың жүріп жатқаны хабарланды. Мұнымен қатар, полиция жәбірленушінің туыстарының құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі жайлы шағымын тексеріп жатыр.

Еске салайық, зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. 

Полициядағылардың айтуынша, қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар. Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети