"Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Жаманқұловтың қылмысын әшкереледі - сот

19 Қаңтар 2017, 14:34
0
"Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Жаманқұловтың қылмысын әшкереледі - сот - Тұңғышбай Жаманқұлов. © egemen.kz
Тұңғышбай Жаманқұлов. © egemen.kz

Дауға айналған "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері - күдіктілердің бірі Наталья Юдина өз кінәсін мойындап, белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловқа және қылмыстық істің басқа фигуранттарына қарсы айғақ берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Наталья Юдинаның бұлтартпау шарасы өзгергенін хабарлап отыр. Бұған дейін ол қамауда болған.

"(...) Юдина Наталья үй қамауында", - деп хабарлады Ұлттық бюроның тергеу департаментінің жетекшісінің орынбасары Олеся Кексель Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Алматы қалалық сотындағылар бұлтартпау шарасының өткен жылдың 29 желтоқсанында ҚР Антикоррупция қызметі жедел-тергеу тобының жетекшісінің өтініші бойынша өзгергенін айтты.

"Тергеу әрекеттерінің өндірісі кезінде күдікті Юдина қылмысын мойындап, қылмысының мән-жайын толықтай айтып берді, осыдан кейін ол құпия тергеу әрекеттеріне өз еркімен қатысу жолымен тергеуге белсенді көмек көрсетіп, Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС құрылтайшысы Тұңғышбай Жаманқұловтың және істің басқа фигуранттарының қылмысын әшкерелеуге жәрдемдесті", - деді Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамту бөлімінің басшысы Диас Махамбетов. Ол бұл мәліметтерді Медеу аудандық №2 сотының қаулысына негізделе отырып хабарлап отыр.

Сонымен қатар, соттың қаулысында Тұңғышбай Жаманқұловтың және басқалардың айыбын дәлелдеуге дәл осы Юдинаның әрекеттестігі себеп болғаны айтылады. Осы арқылы қылмыстық істің фигуранттары өз кінәсін мойындап, келген шығынды өтеп жатыр екен.

"Юдина Наталья 2014 жылы "Феникс" киножобасының өндірісі барысында AlmaStore ЖШС, "СкоробейСтудио" ЖК, А.Ж.Ибрагимованың жеке кәсіпкерлігі, "Руснаков" ЖК арқылы иемдену және жарату жолымен бюджет қаражатын жымқырған, бұл қаражат "Феникс" киножобасына бөлінген", - деді Диас Махамбетов.

Айта кетейік, қаражат жымқыру ісінде режиссер Талгад Жәнібековтің де аты аталады. Ол өткен жылдың желтоқсанында 2 айға қамауға алынған болатын. Режиссер өзіне тағылған айыптармен келіспей отыр.

Наталья Юдина ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпталып отыр, яғни "Феникс" киножобасының өндірісіне бөлінген қаражатты жымқырған деген айып. Оны Антикоррупция қызметінің тергеушілері 25 қазанда ұстаған. 28 қазаннан 29 желтоқсанға дейін ол қамауға болған.

19 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу департаментінің басшысының орынбасары Олеся Кексель "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын хабарлады.

Соталды тергеу барысында Жаманқұловтың 6 миллион теңге көлемінде шығынды ішінара өтегені айтылған еді. Актер осыған дейін өз кінәсін толықтай мойындаған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай