15 маусым 2023 10:00

Грузия Тараз әкімінің бұрынғы орынбасарын Қазақстанға ұстап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия Тараз әкімінің бұрынғы орынбасарын Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Грузия Тараз әкімінің бұрынғы орынбасарын Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген адам Грузияда анықталып, ұсталды.

"Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалғаны айтылды. Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети