19 маусым 2020 14:07

Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына 12,5 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына пара алғаны үшін 12,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"11 маусымда "2021 жылға дейін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алу үшін азаматтардан бірнеше рет 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Алматы облысы Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директорына 12,5 миллион теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады Биғайдаров брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 15 маусымда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Арапбаев пен Ергелдинов отыз еселенген пара мөлшерінде айыппұлға сотталды. Олар әрқайсы 30 миллион теңге төлеуі тиіс.

"Арапбаев Еркелдиновпен бірген коммерциялық кәсіпорын директорынан жүк автокөліктерінің кедергісіз өткізу және әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін бір миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп түсіндірді Биғайдаров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети