22 қазан 2022 10:25

Жалған төлқұжатқа 1500 доллар. Алматыда шетелдік азамат ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Ауғанстан азаматтарының Қазақстан аумағы арқылы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Ауғанстан азаматтарының Қазақстан аумағы арқылы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК ПҚ баспасөз қызметі қазанның он үші Алматыда "Боран" арнайы жасағының күшін пайдаланып, Орталық Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетел азаматы 1,5 мың доллар алып жатқан жерінде ұсталғанын хабарлады.

Тінту кезінде ұсталған азаматтан бірнеше қазақстандық ұйымның мөрі, 20 ауған төлқұжаты, туу туралы куәлік және Қазақстан азаматтығын алуға, тұруға рұқсат алуға, тіркеуге және елде болу мерзімін ұзартуға көмектесетін басқа да құжаттар табылды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) көзделген қылмыс белгілері бойынша ТЖД-да тіркелді. Ұсталған азамат Алматы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети