21 қараша 2019 10:01

Жамбыл облысында ауыл тұрғыны 20 жыл бұрын кісі өлтіргенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция 20 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындаған Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Полиция 20 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындаған Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның кім екенін анықтап, егде жастағы адамды ұстады. Ұсталған адам 1998 жылы желтоқсан айында досымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шыққан. Сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылған, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. 

"Ұсталған адам мәйітті өз ауласына көміп тастағанын айтып, қайда жатқанын көрсетті. Сол жерден адам сүйектері табылды. Күдікті 2013 жылы қылмыс жасалған мылтықты өз еркімен акция кезінде Мойынқұм аудандық полиция бөліміне тапсырғанын айтты. Бұл мәліметтің құжаттары да бар", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Сонымен қатар, мылтықтың атылғанын естіген куәгерлер бар. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Мойынқұмдағы сұмдық. Атақты әнші 21 жыл бұрын жоғалған ағасын өлтіргендерді тапты

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети