08 маусым 2021 11:54

Жанжал кезінде бұрынғы сүйіктісіне 20 рет пышақ сұққан қарағандылық 11 жылға сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жанжал кезінде бұрынғы сүйіктісіне 20 рет пышақ сұққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 23 жастағы тұрғынға адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда жанжал кезінде бұрынғы сүйіктісіне 20 рет пышақ сұққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 23 жастағы тұрғынға адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Айыпталушы сотта кінәсін мойындамады. Оның қорғаушысы соттан бапты қайта саралауды сұрап, айыпталушының адам өлтіру ниеті болмағанын айтты.

Судья Бекзат Шалғымбаев іс бойынша жиналған материалдарды зерттеп, сотқа қатысушыларды тыңдап, сотталушыны 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы мен оның қорғаушысы Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген.

Айта кетейік, оқиға былтыр қазанда болған. 23 жастағы ер адам жәбірленушіге шабуыл жасап, оған пышақ жарақатын салған. Кейін оқиға орнынан қашып кетеді. Қарашада ол ұсталып, қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети