03 шілде 2023 12:50

Жетісу облысында балабақшадан 38 миллион теңге жымқырылғаны анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото:elements.envato.com фото:elements.envato.com

Жетісу облысында балабақша бухгалтері 38 миллион теңге ұрлық жасағанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысында балабақша бухгалтері 38 миллион теңге ұрлық жасағанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген.

Жымқыру дерегі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылық болды.

Осы дерек бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (аса ірі мөлшерде ұрлау).

Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр.

Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети