25 наурыз 2022 11:56

Қарағанды облысында балаларды ұрды деп айыпталған тәрбиеші жұмыстан босатылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында балаларды ұрды деп айыпталған жекеменшік балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында балаларды ұрды деп айыпталған жекеменшік балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарағанды облысының білім басқармасы басшылығы "Әдемі" жекеменшік балабақшасында болған оқиғаны бақылауына алды. Барлық кінәлі тұлға жауапқа тартылады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған тәрбиеші жұмыстан босатылды", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Жазба жарияланғаннан кейін оған Абай ауданының білім бөлімі қызметкері оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствода бұл дерек бойынша комиссия құрылғаны, қорытындысы бойынша шаралар қабылданатыны айтылды. Сондай-ақ, бұл видеоны полиция қызметкерлері де тексерді. 

"Оқиға Қылмыстық кодекстің 140-бабында көзделген "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша Абай ауданының ПБ-да тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні анықтады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облыстық полициясының баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Қарағанды облысы Абай қаласындағы "Әдемі" балабақшасының қызметкері балаларды ұрды деп айыпталғаны хабарланды. Әлеуметтік желіде мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің балаларды шапалақпен ұрып жатқан видеосы кеңінен таралған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети