26 қаңтар 2023 11:40

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар нотариустар арқылы заңсыз ақша өндірген - Бас прокуратура

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жалған келісімдер бойынша салымшылардың ақшасын алып, ұрлау мақсатында нотариустар арқылы 2 миллиард теңгенің жоқ қарызын өндіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жалған келісімдер бойынша салымшылардың ақшасын алып, ұрлау мақсатында нотариустар арқылы 2 миллиард теңгенің жоқ қарызын өндіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура нотариустардың кейінгі үш жылда атқарушылық жазбаларды жазып беру кезінде заңдылықты сақтауына талдау жүргізген.

"Атқарушылық жазба институты 2016 жылдан бастап іске қосылды. Жеңілдетілген тәртіпте коммуналдық қызметтер үшін қарыздар, жалақы сияқты, шарттар бойынша және т.б. даусыз талаптар өндіріле бастады.

Жазба қарыздарды өндіріп алу рәсімдері едәуір жеңілдеп, соттардың жүктемесі азайды. Алайда рәсімдердің қарапайымдылығына және нотариустардың теріс пайдалануына байланысты ол барлық "сұр сызбалардың" құралына айналды. Жазба қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылған", - делінген хабарламада.

Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында 13 факт анықталған, онда қаржы пирамидаларын құруға қатысқан ұйымдар мен адамдардан қарыздар ресми түрде өндіріліп алынған.

"Алматыда қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары жалған шарттар бойынша салымшылардың ақшасын алу және жымқыру үшін нотариустар арқылы 2 миллиард борышты өндіріп алды.

Прокурордың талап қоюлары бойынша жазбалардың күші жойылды", - делінген прокуратура жазбасында.

Сот тәртібінен тыс мемлекеттен 63 жазба бойынша мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша 1,8 миллард теңге заңсыз өндіріп алынған. Оның ішінде прокурорлардың талап қоюлары бойынша 1,2 миллиард теңгеге жазбалардың күші жойылды. Қарыздар мемлекеттік сатып алу шартының мерзімі өткеніне қарамастан, орындалмаған және ЖСҚ мен сатып алу жоспарларында көзделмеген жұмыстар үшін, мемлекеттік сатып алу шарттарына қосымша келісімдерді қазынашылық органдарында тіркеуінсіз, қабылдау актілері және басқа да растайтын құжаттар болмаған жағдайда өндіріп алынған.

"Алматы облысында нотариус жеке компанияның пайдасына ТКШ Бөлімінен тіркелмеген қосымша келісім бойынша 410 млн өндіріп алды (негізгі Шартта көзделмеген жұмыстарға шарттың мерзімі аяқталды). Сотқа оның күшін жою туралы талап қою ұсынылды (қаралып жатыр)", - делінген хабарламада.

Мүлік пен активтерді басқа міндеттемелер бойынша орындаудан алып тастау үшін жалған жалақы қарыздар өндіріп алынған (өйткені жалақы бірінші кезекте өндіріп алынады). Екі жыл ішінде прокурорлар 5 миллиард теңгеге 250 заңсыз жазбаның күшін жоюға қолжеткізді.

Тағы бір жағдайда, Қарағанды облысында ЖШС-дан 333 миллион теңгеге жалақы бойынша жалған қарыздарды өндіріп алу туралы 35 жазба анықталған. Бұл ретте, кәсіпорынның салықтар бойынша борышы 1,7 миллиард теңге (жазбалардың күші жойылды).

"Кейбір жағдайларда жазбаларды нотариустар өз өкілеттіктерін айқын асыра пайдалана отырып жасаған.

Астанада, Алматыда, Алматы және Жамбыл облыстарында нотариустар қарызды өтеу есебінен кепіл нысанасы болып табылмайтын 40 бірліктегі көлікті заңсыз өндіріп алған. Мұндай талаптар бойынша жазбалар жазып беруге жол берілмейді".

Прокурорлар жалған құжаттар негізінде жазылған 1 миллиард теңгеге 56 атқарушылық жазбаны және психиатриялық есепте тұрған азаматтарға қатысты 6 жазбаны анықтаған.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Әділет министрлігі 3 нотариустың лицензиясы жойылды, 7 нотариустың қызметі тоқтатылды, 44 нотариус тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Соттар прокурорлардың 1 миллиард теңгеге атқарушылық жазбалардың күшін жою туралы 17 талап қоюы қанағаттандырған, тағы 3 талап қою қаралу сатысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 467.29   490.7   5.29 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети