10 қаңтар 2022 01:10

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер барысында 400-ге жуық гвардия қызметкері зардап шекті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық гвардия өкілі Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық гвардия өкілі Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық гвардия сарбаздары тәулік бойы жұмыс істейді. Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыс орталықтарындағы бұзақы топтарға қарсы күрес барысында Ұлттық гвардияның 394 адамы зардап шекті. Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздіктер барысында Ұлттық гвардияның 90 әскери техникасына зақым келді", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық гвардияның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов.

Сондай-ақ, бүгінде Ұлттық гвардия әскери қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірігіп, төтенше жағдай кезінде тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны айтылды. 

"Әскери бөлімнің жеке құрамы, бөлімшелері елордадағы және басқа да өңірлердегі маңызды нысандарды қорғау мақсатында блокбекеттерде тұр. Бақылап, күштік құрылымдармен бірге арнайы операция жүргізеді", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз өкілі.

"Алматыда жағдай бірқалыпты болып келе жатыр. Жедел штаб ұйғарымымен қаланың барлық ауданында қылмысқа қатысы бар жайттарды анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр. Күштік құрылымдар барлық аудандағы бақылауды өз қолдарына алды және қала тұрғындарының бейбіт тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Руслан Жақсылықов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети