15 маусым 2023 09:45

Қазақстанда жыл басынан бері терроризм туралы істер бойынша 30-дан аса адам ұсталды - ҰҚК

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қазақстанда жыл басынан бері терроризм туралы істер бойынша 30-дан аса адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жыл басынан бері терроризм туралы істер бойынша 30-дан аса адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылдың басынан ҰҚК террорға қарсы бөлімшелері террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен еліміздің 31 тұрғынын және шетелдікті ұстады. Осы кезеңде сот органдары осы деректер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, Атырау облысының тұрғыны "Т"-ға қатысты терроризмді насихаттау дерегі бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру туралы Атырау қаласының №2 сотының үкімі заңды күшіне енген. Тергеу барысында оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикал идеологияны таратқаны және еліміздің азаматтарына қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденген.

"Сонымен қатар, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты осыған ұқсас фактілер бойынша халықаралық террористік ұйымдары уағызшыларының ықпалына түскен Шымкент қаласының екі тұрғынын жеті жылға бас бостандығынан айыруға жазалады", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғандары анықталды.

Олардың кінәсі куәгерлердің көрсетулерімен, заттай айғақтармен және өзге де материалдармен толық дәлелденгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети