02 тамыз 2021 14:13

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге құйған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметінен 19 мың адам зардап шекті. Олар алаяқтарға 21 миллиард теңгеден аса қаражатын беріп қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметінен 19 мың адам зардап шекті. Олар алаяқтарға 21 миллиард теңгеден аса қаражатын беріп қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері қаржы пирамидаларына қатысты 330 қылмыстық істі тергедік, оның 177-сі немесе 53,6 пайызы сотқа жіберілді. Бүгінде 62 адам тергеуде, оның 55-і қамауға алынды.

Жалпы іс жүргізудегі қаржы пирамидалары туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің жалпы саны 19 мыңнан асады. Олар жалпы сомасы 21 миллиард теңгеден аса шығынға батқан", - деді ІІМ өкілі.

Ведомство алданған азаматтардың басым бөлігі Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстарында екенін, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында да алаяқтардан зардап шеккендер бар екенін мәлім етті.

"Өңірлерде "Астекс", "Тиімді депозит", "Астра Консалтинг", "Бизнес лайн", "Хоум авто инвест" және басқа ірі қаржы пирамидалары белсенді жұмыс істеген", - деді ІІМ өкілі.

Полиция азаматтарға ескерту мақсатында қаржы пирамидасы белгілерінің тізімін жасады:

  • нарықтағы кірістерден едәуір көп жоғары табыс кепілдігі;
  • компания қызметін құпия ұстау;
  • басқа азаматтарды тарту арқылы пайда мен бонустар алуға уәде беру;
  • компания бірінші талап бойынша ақша қаражатын қайтармайды;
  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің депозиттерді немесе ақша қаражатын қабылдауға лицензиясы жоқ;
  • компанияда нақты қызмет түрі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети