09 шілде 2015 20:35

Көкшетауда экология департаменті бөлімінің жетекшісі көршісінің үйін "жарып жібермек" болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Көкшетауда үйлердегі пәтерлердің біріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы "қалжыңдаған" облыстық экология департаменті экологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Қанат Мырзахметов болып шықты.


Көкшетауда үйлердегі пәтерлердің біріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы "қалжыңдаған" облыстық экология департаменті экологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Қанат Мырзахметов болып шықты.

Облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тәртіптік кеңесі "мемлекеттік қызметкердің абыройына нұқсан келтіргені үшін" Мырзахметовты қызметінен босатуға кеңес берді. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ведомство қызметкерінің айтуынша, Мырзахметов Пушкин көшесінде тұратын көршісіне қоңырау шалып, үйіне жарылғыш заттың қойылғанын айтып қалжыңдаған.

Оқиға орнына құқық қорғау органдары қызметкерлері барды. Үйден 50-ге жуық адам эвакуацияланды. Департаменттегілер жарылғыш заттың табылмағанын айтты.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети