21 тамыз 2014 20:20

Қостанай облысында баланы ұрған әйелге ірі көлемде айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны баланы соққыға жыққаны үшін 92 600 теңге айыппұл төлейтін болды - деп жазады "Наша газета".


Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны баланы соққыға жыққаны үшін 92 600 теңге айыппұл төлейтін болды - деп жазады "Наша газета".

Сот 40 жастағы әйелді баланың денсаулығына зиян келтірді, - деп айыптап отыр.

Әйелдің өзі баланы ұрғанын, осылайша өзінің ұлын қорғамақ болғанын мойындаған. Әйел сотқа берген түсініктемесінде "12 тамыз күні көшеде ойнап жүрген ұлымның қатты айғайын естідім. Артынша жанұшыра көшеге шыққанымда оны бір ұл баланың жұлқып тұрғанын көрдім. Сол сәтте мен ол баланы құлағынан ұстап алып, ұлымнан ажыраттым да ұрдым" - деген.

Таяқ жеген ұлдың анасы да өз түсініктемесінде 12 тамыз күні  баласының айғайын естіп көшеге шыққанын, мәселені анықтамақ болғанда баласы өзін "бейтаныс әйел ұрды" деп түсіндіргенін жазған.

Екі әйел де сотта татуласуды қаламады. Нәтижесінде, Қостанай облыстық соты баланы ұрған әйелге 50 АЕК (92 600) көлемінде айыппұл салды.

Тура осыған ұқсас жағдай Павлодар облысында да болған еді. Мұнда зәбір көруші баланың анасы Динара Құрбанова  Дене шынықтыру және спорт басқармасының инспекторы ойын алаңында ойнап жүрген ұлын соққыға жыққанын айтып шағымданған. Бұл шенеунікке де айыппұл салынған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети