Қостанай облысында сот залындағы әйел өліміне байланысты ҚР ІІМ МКҚБ қызметкері сотталды

28 Наурыз 2017, 18:25
0
Қостанай облысында сот залындағы әйел өліміне байланысты ҚР ІІМ МКҚБ қызметкері сотталды - © day.org.ru
© day.org.ru

Қостанай облысында сот ғимараты алдында болған қанды оқиғаға салғырт қараған Мамандандырылған күзет қызметi басқармасының қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметi басқармасының қызметкері шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол үш жылға дейін мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айырылды.

Амангелді аудандық соттың шешімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігі бойынша ("Салғырттық") айыпты деп танылды.

Осыған дейін Мамандандырылған күзет қызметi басқармасының қызметкері кінәсін мойындаған болатын. Облыс прокурорының аға көмекшісі Ерлан Майоровтың мәліметі бойынша, 28 ақпанда Қостанай облысы АКҚБ қызметкерлеріне қатысты немқұрайлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізілді.

Сондай-ақ, сот залындағы қанды оқиғадан кейін күзетшілердің жазалануы мүмкін екені хабарланған еді. 

Еске сала кетейік, осыған дейін сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адамның мектеп мұғалімі болып шыққаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, өз әйелін пышақтаған ер адам Арқалық мемлекеттік институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен. Қаза тапқан әйел 30 рет пышақталған еді.

Қайғылы оқиға 28 ақпанда Амангелді аудандық сотының ғимаратында болған. Полицейлердің мәліметінше, олар ажыраспақшы болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай