Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Құрметті азаматты өлтірген күдікті тұтқындалды 16 маусым 2014, 16:10

23 жастағы Сабирьян Васильевке "Ұрлық" және "Кісі өлтіру" баптары бойынша айып тағылды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Станислав Куржей. ©Liter.kz Станислав Куржей. ©Liter.kz

Павлодар облысының құрметті тұрғыны Станислав Куржейдің өліміне күдікті тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Станислав Куржей 13 маусым күні кісі қолынан қаза тапқан болатын.

Жедел ақпаратқа қарағанда, басты күдікті соттың санкциясымен тұтқындалған. 23 жастағы Сабирьян Васильевке "Ұрлық" және "Кісі өлтіру" баптары бойынша айып тағылды. "Васильевтің сөзіне қарағанда, ол өзінің танысымен бірге әрекет еткен, қазір ол адамның аты-жөні мен жүрген жері анықталып жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Полицияның мәліметінше, Куржейдің өліміне тағы екі күдіктінің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Олардан ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынған. Бүгін, 16 маусым күні Екібастұзда Станислав Куржеймен қоштасу болды.

90 жастағы тұрғынның мәйіті 13 маусым күні өзінің үйінен табылған еді. Тергеушілер қарияның үйі тоналғанын анықтады. Қаскөйлер үйден бағалы заттарды, марқұмның ұлына тиесілі Honda автокөлігін алып кеткен. Күдіктілер сол күні-ақ Екібастұздан бірнеше шақырым жерде қолға түсті. Олар Солнечный елді мекенінің тұрғындары болып шықты.

 

 


Join Telegram