03 желтоқсан 2021 14:03

Қызылорда облысында екпеге қарсы әйел дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылында мінбедегі адамдарға жұмыртқа лақтырған әйелдің видеосы тарады. Видеоны жергілікті блогер Facebook желісінде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылында мінбедегі адамдарға жұмыртқа лақтырған әйелдің видеосы тарады. Видеоны жергілікті блогер Facebook желісінде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ересек әйелдің мұндай әрекеті облыс тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Олар әйелге тиісті шара қолдануды сұрайды.

"COVID-19 және коронавирус инфекциясына қарсы екпе ойлап тапқан дәрігерлер емес. Олар ауылдар мен аудандарға еріксіз, қызметтік міндеттеріне байланысты барады. Сондықтан оларға мұндай әрекет жасау әділетсіздік деп санаймыз", - деп наразылықтарын білдірді тұрғындар.

Шиелі ауданының әкімдігі жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін растады. Бірақ оған қарсы шара қолдану олардың құзыретінде емес.

"Ақпараттық-түсіндіру тобы келген кезде бірқатар азаматтар жүргізіліп жатқан екпеге наразылықтарын білдірді. Ал жиналысқа қатысушылардың бірі қоғамға жат әрекет жасап, дәрігерлерге жұмыртқа лақтырды. Оған құқықтық баға берілді. Бұл іс құзырлы органдардың құзырында", - деп жауап берді Шиелі ауданы әкімдігі.

Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыға қатысты материалдар жинақталып, сотқа жіберілгенін айтады.

"Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округіндегі мәдениет үйінде болған оқиға бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің ("ұсақ бұзақылық") 434 - бабына сәйкес хаттама толтырылды", - делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети