20 тамыз 2020 16:00

Қызылорда облысының экс-әкімімен бірге кімдер сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуанышбек Ысқақов Қуанышбек Ысқақов

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісіне қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісіне қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақтың экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов аса ірі көлемде алаяқтық жасады (ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) деген күдікке ілінген.

Дәл осы бап бойынша онымен бірге тағы төрт адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Олар Қызылорда облысы әкімінің экс-орынбасарлары Мұрат Имандосов және Марат Делмұханов

Сондай-ақ айып тағылған акті бизнесмендер Жеңісбек Ысқақов, Азат Досмайыловқа берілді. 


Мұрат Имандосов. Фото: mail.ru/imandossov.m

Марат Делмұханов. Фото oldru.kyzylorda-news.kz

Әкімнің бұрынғы орынбасарлары мен бизнесмендерге қылмыстық құқықбұзушылықты жасауға жәрдемдесті деген айып тағылды (ҚК 28-бабы, 5-тармағы). 

Сот талқылауы 24 тамызда өтеді. 

Еске салайық, 2020 жылғы наурызда Қуанышбек Ысқақов үй қамауына алынғаны хабарланды.

Ол 2019 жылғы маусымда Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған еді. Оған дейін үш жарым жыл облыс әкімінің орынбасары болды және экономика, қаржы, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне жауапты болған. 

28 наурызда Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Ол аймақтағы алғашқы әкім әйел болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети