1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды - ІІМ 18 маусым 2021, 13:35

Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, 34 жастағы тұрғын адам өлтірді деген күдікке ілінген.

"2018 жылғы күзде Қызылордадағы Яссауи және Бөкейхан көшелері қиылысында Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі кісі қолынан қаза тапты. Оның кеуде тұсына екі рет оқ атылған.

Полицейлер айыпталушының жеке басын анықтады, биыл 5 желтоқсанда Қызылорда қаласының тұрғыны адам өліміне күдікті деп танылды. Қылмыскер ізін жасырмақ болған және оған іздеу жарияланды. Күдіктіге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктіні таңғы уақытта туыстарының үйінен ұстаған. Ұсталған кезде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.

"Күдікті Алматы облысында жалдамалы тұрғын үйлерде жасырынып жүрген, байланыс үшін виртуал телефон нөмірлерін пайдаланған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!