24 сәуір 2018 12:06

Қызылордада оқушы қыздардың сырғасын алаяқтық жолмен алған әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Minval.az © Minval.az

Қызылордада оқушы қыздардың сырғасын алаяқтық жолмен алған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қызылордада оқушы қыздардың сырғасын алаяқтық жолмен алған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қызылордада полицейлер 6 алаяқтық дерегіне қатысы бар облыс тұрғынын анықтап, құрықтады. 

"2018 жылғы 28 ақпанда жедел тергеу шаралары кезінде қызылордалық полицейлермен мектеп оқушыларының құлағындағы сырғаларын алаяқтық жолмен иемденген 1987 жылы туған азаматша ұсталды. Ол "мектепте сырға тағуға болмайды" және "құлақта дұрыс тұрмайды" деген желеумен жасөспірімдердің құлағындағы сырғаларын шешулерін сұрап, білдіртпей сөмкесіне салып, ізін суытып отырған", - делінген хабарламада. 

Осыған қатысты Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасына оқушылардың ата-аналары арызданған. Күдіктінің заңға қайшы әрекетінен 6 адам зардап шеккен. Жедел іздеу шаралары барысында заттай айғақтар алынып, алаяқ әйел кінәсін толық мойындаған.

"Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Осыған орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті ата-аналарға балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертіп, бөтен адамдармен сөйлескенде сақтық шараларын сақтау қажеттігін баса көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети