15 маусым 2021 16:23

LRT ісі бойынша сотталушылардың адвокаттары мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана LRT" ісі бойынша сотталушылардың адвокаттары бірінші инстанциядағы соттың үкімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана LRT" ісі бойынша сотталушылардың адвокаттары бірінші инстанциядағы соттың үкімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанат Нұрпейісов, Ұлықбек Ачилов пен Дәурен Абдухамитовтің адвокаты олардың кінәсі сотта дәлелденбегенін айтты.

"Ұрлық дерегі дәлелденбеген. Біздің қорғаушыларымызға байланысты жобалар бойынша барлық жұмыс көлемі орындалды. Сызбалар, жобалар тапсырыс берушіге ұсынылды, ол оларды қабылдады, шағым болған жоқ. Ол бұған келісіп, төледі, бірақ толық емес. "Астана LRT" компаниясы қарыз болып қалды", - деді Ұлықбек Ачиловтың адвокаты Надежда Далабаева.

Дәурен Абдухамитовтің адвокаты Хамида Айтқалиева іс бойынша келтірілген шығын сомасының (5 миллиард теңгеден аса-еск.) LRT құрылысына ешқандай қатысы жоғын айтады. 

Ол өз клиенті Дәурен Абдухамитов лауазымды тұлға емес екенін, қандай да бір қосалқы мердігер ұйымның басшысы емес екенін, қандай да бір компанияның құрылтайшысы немесе қатысушысы емес екенін атап өтті.

"Соған қарамастан, сот оны қылмыс жасады деп, кінәлі деп таныды, атап айтқанда консорциумдардың шоттарына түскен ақшаны алу үшін заңды тұлғаларды іздеді. Соманың 70-80 пайызы шетелдік компаниялардың шоттарына аударылды. Ал бізді бұл ақша қайта бөлінді деп айыптайды", - деді Хамида Айтқалиева.

Заңгер Талғат Ардан ("Астана LRT" экс-басшысы) сот айыптау көлемінен шығарылғанын айтты, себебі оның кінәсі сот отырысында дәлелденбеген.

"Іс жүзінде барлық сотталушы кімге көмектескені туралы сұрақтар қойды. Сот сотталушылардың бұл сұрағына жауап берген жоқ", - дейді ол. 

"Менің ойымша, бұл қылмыстық іс қозғалып, сотқа қоғамға "кінәлілер осы" деп көрсету үшін ғана қолға алынған. Ал әдетте қоғамға көбіне бәрібір. Олар "LRT бойынша біреуді соттады" дегенді ғана естиді. Біз көптеген пікір оқимыз ғой, олар: "Сол керек, атып тастау керек" дейді. Қарғап, не болғанын түсінбейді, ал шын мәнінде менің қорғалушымның орнында кез келген адам болуы мүмкін еді. Мысалы сот өз үкімінде: "Абдухамитов қылмыстық топтың құрамында болуға келісімін берген" дейді. Ол қашан, қайда айтылғаны қандай да бір құжатта бар ма, сол әңгімені біреу естіді ме?" - дейді Хамида Айтқалиева.  

Экс-депутат және қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Нұрпейісовтің адвокаты Нұрлан Оразалин де сот үкімімен келіспейді. 

"Айыптау актінде ұйымдастырушы рольде - Ардан мен Сұлтанбеков болған. Олар жоқ, сотқа жеткізілмеді. Егер олардың кінәсі сот үкімімен анықталмаса, біздің қорғалушыларымыз Сұлтанбеков пен Арданға көмектесті деп қалай айта аламыз? Олардың кінәсі анықталып, сотқа берілмей, қалай көмектесу туралы әңгіме айтуға болады? 

Сот ақылдасу бөлмесіне барған кезде не істеді? Ардан мен Сұлтанбеков үкімде жоқ, тек кейбір жерде. Оларды "өзге тұлғалар № 1, № 2 деп белгіледі". Өзге тұлғалар пайда болды. (...) Сот оларды атай алмайтындығын айтады, себебі олардың кінәсі сот ісімен дәлелденуі керек. Бірақ егер біз оларды алып тастасақ, онда № 1, № 2 деген кімдер?" - дейді Нұрлан Оразалин.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы сот "Астана LRT" ісі бойынша үкім шығарған болатын. Айыпталушылар 7 жылдан 10 жылға дейін әртүрлі мерзімге сотталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети