Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлаған ер адамның ісі сотқа жіберілді

07 Шілде 2015, 13:19
0
© Tumba Kz
© Tumba Kz

Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлаған ер адамның ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Ақтаудан 285 шақырым қашықтықта жатқан Сай Өтес ауылында 8 жастағы қыздың денесі табылған болатын. Оның зорланып, кейін өлгені анықталды. Қылмысқа барды деген күдікпен осы ауылдың тұрғыны ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды.

"Аса ауыр қылмыс бойынша тергеу амалдарына тікелей әсер ете отырып қатысатын процессуалдық прокурор тағайындалды, ерекше бақылауға алу туралы тапсырма берілді. Нәтижесінде тергеу амалдары ерте аяқталып, іс сотқа жіберілді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Осыған дейін қыздың туыстары оқиға болардан бір күн бұрын оның үйдің ауласында серуендеп жүріп, кешке үйге оралмағанын айтты. "Оны іздеуге біздің бүкіл отбасымыз шықты. Ұзақ іздедік. Ол өлген күйі сарайдың жанынан табылды. Денесі топырақпен көміліпті. Біздің көргеніміз бойынша, оны зорлаған, кейін аузына топырақ салған, ол содан тұншығып өлген", - деді қыздың туысы Фатима Елубаева. Кейін олар күдіктінің ұсталып жатқан сәтін видеоға түсіріп, жариялады.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай