04 наурыз 2018 15:12

Маңғыстау облысында атыс ұйымдастырғандарға үкім шықты: Жігіттердің бірі 11 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ru.sputnik.kg © ru.sputnik.kg

Маңғыстау облысында атыс ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Lada.kz.


Маңғыстау облысында атыс ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Lada.kz.

Порталдың хабарлауынша, атыс Құрық ауылында болған, оның салдарынан сегіз адам зардап шекті. Сот үкімі бойынша, оқ атқан жігіт 11 жылға сотталды. Тағы біреуі төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ал үшінші жігітке шартты мерзім тағайындалды - екі жыл. Үкім заңды күшіне енді.

Іс материалдары бойынша, екі топ арасында жанжал болған. Олар ауылдағы дүкендердің бірінің жанында кездесу ұйымдастырыпты. Бір топтың жігіттері шолақ мылтық ала барған.

"Жігіттердің бірі аспанға, ал екіншісі қарсы топтағыларға оқ жаудыра бастаған. Осыдан кейін олар оқиға болған жерден қашып кетті", - делінген жарияланымда.

Оқиғадан зардап шеккен сегіз адамды дәрігерлер құтқарып, ал бұзақыларды полиция ұстап алған.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети