Мемлекеттік айыптаушы Жаманқұлов ісі бойынша сотталушыларға шартты жаза сұрады

22 Мамыр 2017, 19:37
0
Мемлекеттік айыптаушы Жаманқұлов ісі бойынша сотталушыларға шартты жаза сұрады - © Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

Прокурор "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпталған Тұңғышбай Жаманқұловты 7,5 жылға шартты түрде қамауды сұрады", - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы Жаманқұловтың жазасын шартты деп есептеп, рақымшылық заңы бойынша жаза мерзімін қысқартуды сұрады.

Тараптарды қатар тыңдау кезінде сөйлеген прокурор айыптаушылардың 11 миллион 664 мың 932 теңге қайтарғанын мәлімдеді. Ал өз кінәсін мойындамағандарды прокурор жауапкершілктен қашу деп айтты. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес, айыпталушы Жаманқұловты 7,5 жылға  соттап және 5 жыл бойы басшылық қызметке тағайындалмауын сұраймын", - деді прокурор. Сонымен қатар, прокурор Жаманқұловқа қатысты рақымшылық заңы бойынша жазасының екіден бір бөлігін қысқартып, 3 жыл 9 айға сотталуын сұрады, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес, жазаны шартты түрде санауды сұраймын", - деп қорытындылады прокурор.

Ал Гауһар Ысқақованы прокурор бір жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына басшылық қызметке тағайындалмауын сұрады. Сонымен қатар, рақымшылық заңына сәйкес, прокурор "Қазақфильм" топ-менеджерін жазадан босатуын сұрады.

Наталья Юдинаны 7,5 жылға соттап және 5 жыл бойы басшылық қызметке тағайындалмауын сұрады. Рақымшылық заңы бойынша жазасының екіден бір бөлігін қысқартып, 3,5 жылға шартты түрде сотталуын сұрады. 

Жәнібековкті кінәлі деп тауып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес, жазаны шартты түрде санауды сұрады. 

Сұлтанов, ЖШС өкілі Илья Коробейников және Марлен Әбішевті 5 жыл бас шартты түрде бостандығынан айырып, кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуды сұрады. 

Бижан Әбішевті екі жылға бас бостандығын шектеп, мүлкін тәркілеуді сұрады. 

Әбдіқадыровқа прокурор 7 жыл сұрап, кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуды өтінді және ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес, жазаны шартты түрде санауды сұрады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген еді хабарламада.

Осыған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов, Наталья Юдина, Талгад Жәнібеков, Гизат Сұлтанов, Гауһар Ысқақованың ҚР Қылмыстық кодексінің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша күдікті болып отырғаны жайлы хабарланған еді.

Ал кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтаған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай