10 қараша 2022 08:56

"Мойнынан ұстап тұншықтырған". Астанада даяшы дәмхана қонағын тонады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық дәмханалардың бірінің даяшысы 60 жастағы адамды тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Елордалық дәмханалардың бірінің даяшысы 60 жастағы адамды тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Астананың 60 жастағы тұрғыны әлдекім өзіне шабуыл жасап, 690 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып, полицияға жүгінген.

Кешке қарай ер адам Құдайбердіұлы көшесіндегі шағын дәмханаға кіріп, тамақтанған. Қызмет көрсетуші даяшы ер адамның қол сөмкесінде көп ақша барын байқап қалған.

"Ер адам дәмханадан шыққанда даяшы оның артынан ілесе шыққан. Сөйтіп құрбанының артынан келіп, білегін мойнына орап, тұншықтырып, қолындағы барсеткасын жұлып алып, қаша жөнелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшы Қарағандыда ұсталды. Ол Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты, ол өз кінәсін мойындады", - делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұсталған адамның Астана аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріледі. Күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети