27 қаңтар 2021 17:07

Нұр-Сұлтан кәуапханаларының бірінде жаппай төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ғашықтар кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды. Кәуәпханада тамақтанған жұп есеп айырысудан бас тартқан. Қайтуға қамданған жұптты кәуапхана әкімшісі тоқтатып төлем жсауды сұрайды. Ақша төлегісі келмеген ер адам жанжал шығарып, соңы жаппай төбелеске айналған. Елорда полициясы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-дағы Qumash_kz парақшасы жариялаған видеодан қызметкерге көмектесу үшін тіпті аспаздың өзі жүгіріп келгені көрінеді.

Оқырмандар жұпқа Бонни Барбекю және Клайд Кебаб деп ат қойып үлгерді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Кадрлардан қыздың сөмкесінен тапаншаға ұқсас затты алып шығып, қызметкерді қорқыта бастағанын көруге болады. Жігіт сүйіктісінің артына жасырынып, кейін екеуі де қашып кеткен.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіндегілер бұл жағдайға байланысты кафенің бас аспазынан шағым түскенін хабарлады. Ол клиенттің тапанша тәрізді затпен қорқытқанын және оған түрлі дене жарақатын келтіргенін айтқан. Полиция мәліметіне сүйенсек, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, қамауға алынды.

"Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген қару баланың ойын тапаншасы болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети