Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ОҚО-да бірнеше рет бала ұрлады деп айыпталған әйел жеті жылға сотталуы мүмкін

08 Тамыз 2016, 13:19
0
Коллаж © Tengrinews.kz
Коллаж © Tengrinews.kz

ОҚО-да бірнеше рет бала ұрлады деген күдікті 60 жастағы Балжан Орақбаева жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұхаммед Қамшыбектің әкесіне сілтеме жасап.

Зейнеткерге мұндай жазалау шарасын мемлекеттік айыптаушылар сұрап отыр. Баланың әкесінің айтуынша, жақын күндері сот шешімі шығуы тиіс. Сонымен қатар, баланың әкесі әйел адам мен оның туыстарының кешірім сұрауға келіп, ақша бермек болғандарын айтты. Алайда ұрланған баланың ата-анасы кешірім бермейтінін мәлімдеді. "Біз оны кешірмейміз. Біздің ойымызша, ол қоғамға қауіпті және осындай әрекеттерін қайталауы мүмкін", - деді Мұхаммед Қамшыбектің әкесі. Сонымен қатар оның айтуынша, сот тергеу ісі бойынша сотталушының есі дұрыс және дені сау, ешқандайда жүйке жүйесінің бұзылмағандығы анықталған.

Еске салайық, Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен еді. Баланы Амангелді ауылындағы мектептен үйіне қарай кетіп бара жатқан жерінен алып кеткен. Осыдан кейін оны ешкім де көрмеген. Куәгерлер оны 50-55 жас шамасындағы әйелдің алып кеткенін айтып берген еді. Полицейлер оның фотороботын жасады. Полицейлер оны 23 ақпанда кешкі уақытта Арыс қаласынан тапты. ІІД өкілдері баламен бірге 1956 жылғы әйел Балжан Орақбаеваның табылғанын хабарлады, ол Арыс қаласының тумасы, оның түр-кескіні жасалған фотороботқа сәйкес келеді. 

Кейін Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған әйел осыған дейін де бала ұрлаумен айналысқанын мойындаған еді. Ал сол кезде 5 жасар Нұрай Өмірәлі де ұрланған болатын. Абырой болғанда, қыз 10 күн ішінде табылған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай