16 қараша 2021 13:25

Оралда әйелін өлтірді деп айыпталған экс-шенеуніктің ісі сотқа берілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ТҮКШ экс-қызметкерінің ісі Орал сотына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 


Бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ТҮКШ экс-қызметкерінің ісі Орал сотына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

Іс мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа 12 қарашада түскен. Сотталушылар орындығындағы 30 жастағы Бауыржан Хайруллин кісі өлтіру кезінде Орал қаласының ТҮКШ бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген. Ол ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жеті айға созылды. Іс судья Бақыт Ермахановтың төрағалығымен қаралып жатыр.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 сәуірде Орда көшесінде болған. Ер адам бұрынғы әйеліне 18 рет пышақ жарақатын салған. Ол ауруханаға жеткізілген, бірақ көп ұзамай қайтыс болды. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер әйелдің бұрынғы күйеуі - Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің қызметкері Бауыржан Хайруллинді ұстады.

Оралда әйелді өлтірген экс-шенеунік ісі: оқиғаның мән-жайы айтылды

Марқұм Айнагүл Хайруллинаның әпкесінің айтуынша, ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқанына қарамастан, ер адам бұрынғы әйелін мазалай берген. Айнагүлдің артында екі баласы қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети