12 қазан 2016 10:32

Оралда экс-әкімнің орынбасарының ұлы үш жыл бойы қымбат көлігі үшін салық төлемеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© conceptcarz.com © conceptcarz.com

Оралда бұрынғы әкімнің орынбасары Владимир Дремасовтың ұлы үш жыл бойы көлік үшін салық төлемеген, - деп хабарлайды "Уральская неделя".


Оралда бұрынғы әкімнің орынбасары Владимир Дремасовтың ұлы үш жыл бойы көлік үшін салық төлемеген, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Басылымның мәліметінше, Орал қалалық №2 сотының азаматтық істер жөніндегі судьясы Әсел Ысқақова 11 қазанда бұрынғы әкімнің орынбасары Владимир Дремасовтың ұлы Игорь Дремасовтан 600 мың теңге өндіру үкімін шығарды. Шенеуніктің ұлы үш жыл бойы көлігі үшін салық төлемеген.

Сотта Игорь Дремасовтың атына Mercedes-Benz S500 маркалы автомобильдің тіркелгені анықталды. Қозғалтқыш көлемі - 4,5. Басылымның мәліметінше, жалпы қарыз құны 599 мың теңге, оның шінде 93 мың теңге - өсімақы.

Сонымен қатар, кіріс салығын төлемегені үшін сот шешімі бойынша оларға тиесілі жер телімі сатылымға шығарылған. Жауап беруші сот отырысына келмеді. Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша, Дремасов жеке кәсіпкерлікпен немесе адвокат және нотариустық қызметпен айналыспайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети