02 тамыз 2021 12:15

Оралда жұмысқа орналасу үшін жалған ПТР-анықтама сатып алған тұрғындар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО полицейлері жұмысқа орналасу үшін жалған ПТР-анықтама сатып алған Орал қаласының үш тұрғынын ұстады. Енді олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҚО полицейлері жұмысқа орналасу үшін жалған ПТР-анықтама сатып алған Орал қаласының үш тұрғынын ұстады. Енді олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеу барысында жалған сынаманы жұмысқа орналасу мақсатында сатып алған үш тұрғынының жеке басын анықталды. Олар Орал қаласының тұрғындары. Оларға қатысты ҚР ҚК-ның 385-бабы бойынша ("Әдейі жалған құжат қолдану") соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді БҚО полиция департаментіндегілер.

Айта кетейкі, БҚО криминалдық полициясының қызметкерлері сақтандыру компаниясының он тоғыз жасар екі қызметкерін ұстағаны хабарланған болатын. Жастар сканерленген ПТР-сынамасын қолдана отырып, бес мың теңгеге жалған ПТР-анықтамасын жасаған.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ұсталғандардың Орынбордағы медициналық мекеменің шақыру хаттарын қолдан жасағанын анықтады. Жалған құжат Қазақстан азаматтарына тиісті қызметтерді алу үшін медициналық мекеменің шақыруы бойынша мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети