02 сәуір 2021 09:07

Оралда қарулы қылмыскерді ұстау сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Оралда криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қарулы күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қарулы күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде бұзақылық жасаған күдіктіні жедел әрекет ететін арнайы жасақ қызметкерлері ұстағаны түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан жасақ қызметкерлері екі ер адамды Chrysler маркалы көлігінен шығарып, жерге жатқызғаны көрінеді.

Полиция департаменті бұл деректі растады және қауіпсіздік күштерінің арнайы операциясының мән-жайын хабарлады.

"Бірінші сәуірде сағат шамамен 16:30-да Оралдағы Исатай-Махамбет көшесінде полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол Орал аумағында бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Бұл факт биыл ақпанда тіркелген. Көлікті тексеру барысында тапанша мен пышақ тәрізді үш зат табылды. Олар сараптамаға жіберілді. Екінші ер адамның заңға қайшы әрекеттерге қатысы жоқ, сондықтан босатылды", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети