02 маусым 2022 17:40

Өртеп жіберген: із-түзсіз жоғалған 17 жастағы қыз Алматы маңынан өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж ©Tengrinews.kz Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз Алматы маңынан өлі табылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз Алматы маңынан өлі табылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Портал мәліметінше, жасөспірім 24 мамырда жоғалып кеткен. Үш күннен кейін қыздың анасы Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне арызданған. Тәртіп сақшылары тұрғынның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін адамдар тобын анықтаған. Ол - Алматы облысының 1992 және 2001 жылғы тұрғындары. Қыз олармен жоғалып кеткен күні көшеде танысқан.

"Күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, оның денесі жерленген жерді көрсеткен: Қапшағай су қоймасынан алыс емес жерде. Қылмыстың ізін жасырмақ болған олар қыздың денесін өртеп жіберген", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Тергеуді Алматы облысының Полиция департаменті жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети