08 тамыз 2017 22:43

Паралимпиада чемпионы Зүлфия Габидуллинаны тонап кетті деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында белгілі спортшы, әлемдік рекордсмен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері, жүзуден ҚР халықаралық кластағы спорт шебері Зүлфия Габидуллинаны тонап кетті делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды ec-sport.kz.


Жамбыл облысында белгілі спортшы, әлемдік рекордсмен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері, жүзуден ҚР халықаралық кластағы спорт шебері Зүлфия Габидуллинаны тонап кетті делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды ec-sport.kz.

Биыл 29 сәуірде спортшы Тараз қалалық ІІБ-ге хабарласып, белгісіздердің пәтерге кіріп, ақша мен бағалы заттарын алып кеткенін айтып, арызданған. Материалдық шығын көлемі - 1 миллион 350 мың теңге. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. 

Айта кетейік, Паралипиада чемпионы қазіргі уақытта "Тараз-Арена" Спорт сарайының маңында 2016 жылы салынған үйінде тұрып жатыр. 

"Қызым екеуміз үйде жоқта кірген. Барлық затты, менікін, қызымның заттарын ақтарған. Олимпиада медалін іздеген сияқты. Әшекей бұйымдарды алыпты, оларды жасырып қоймайтын да едік. Бөтен адамдардың біздің заттарды ақтарғаны көңілге қаяу түсіреді, еске түсіргім де келмейді... Иттен обал болды, электршокермен ұйықтатып тастаған сияқты. Ит содан бері өткен-кеткеннен қорқып жүрді", - деп айтып берді басылым тілшісіне спортшы.

Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер Жамбыл облыстық полициясының қызметкерлері соталды тергеу барысында күдіктіні анықтаған, оны ОҚО ІІД әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері ұстаған. 

25 шілдеде қылмыстық іс ОҚО ІІД әл-Фараби аудандық ІІБ-ге жолданған. Ал 31 шілдеде айыптау актісі бар қылмыстық іс сотқа жолданыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети