28 қыркүйек 2020 15:17

Пәтер алып беремін деп 5 миллион теңгеге алдап кеткен ақтөбелік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде алаяқ арзан пәтер сатамын деп жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, бес миллион теңгесін иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақтөбеде алаяқ арзан пәтер сатамын деп жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, бес миллион теңгесін иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, Қобда ауданының тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арыз берген. Оның айтуынша, Қобда ауданы Қоғалы ауылының 46 жастағы тұрғыны 2019 жылдың қазан айында алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Әйел күдіктіге жеңілдетілген бағамен пәтер алу үшін бес миллион теңге сомасында ақша берген. Полицейлер күдіктіні анықтады.

"Ол бұрын алаяқтық үшін сотталған 41 жастағы ақтөбелік болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктіні ұстау шаралары қабылданды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бере отырып, тексеру және қырағылық таныту қажет", - дейді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети