12 қазан 2015 19:38

Павлодар облысында ауыл әкімі мектептен заңсыз айлық алып отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  amrita.edu © amrita.edu

Павлодар облысында ауыл әкімі мектептен заңсыз айлық алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар облысында ауыл әкімі мектептен заңсыз айлық алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауыл әкімі Сағат Тұрғанбек ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігіндегі "г" тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған осы бап бойынша ҚР ҚК-нің 55-бабын қолданумен 1 111 200 (бір миллион жүз он бір мың екі жүз) теңге соммасында 600 (алты жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. Үкім заңдық күшіне енді. Үкімнің заңдық күшіне енуіне дейін 1 111 200 теңге соммасындағы айыппұл сотталушымен мемлекет пайдасына төленді", - делінген соттың хабарламасында.

Сөйтсе, ол Григорьевка ауылдық округінің әкімі бола тұрып, алдау жолымен және оған білдерген сенімді теріс пайдаланып 2014 жылдың наурыз айынан қазан айына дейінгі кезеңде 86 264 теңге мөлшерінде бюджет қаражатына ұрлық жасағаны анықталған. 

"Сотталушы өзіне ауылдық округінің әкімі ретінде білдірген сенімін асыра пайдаланып, ауылдық мектеп басшысынан жоғарғы сыныптарда аптасына 3 рет факультатив сабақтарын беруге талап етті. Алайда, сол сабақтарды өткізбеген, ал атқарылмаған жұмысы үшін ақшаны алып отырды, нәтижесінде мемлекетке, яғни мектепке 86264 теңге соммасында мүліктік зиян келтірді", - деп хабарлады сот өкілдері. 

Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Соттың үкіміне де ол келісім беріп, заңды күшіне енбей тұрып, айыппұлды төлеп үлгеріпті. Алайда оның қызметтен кеткені де белгілі болып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети