15 маусым 2021 09:37

Павлодарда түнгі клубта жарақат алып, комаға түскен ер адам қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлішер Советхан. Әлішер Советхан.

Павлодарда түнгі клубта ауыр жарақат алып, комаға түскен 24 жастағы ер адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оның алған жарақатары ауыр болғанын айтты. Сонымен қатар, коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда түнгі клубта ауыр жарақат алып, комаға түскен 24 жастағы ер адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оның алған жарақатары ауыр болғанын айтты. Сонымен қатар, коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер 24 жастағы Әлішер Советханның өмірін сақтап қалу үшін екі аптадан аса уақыт күрескен. Осы уақыт ішінде ер адамның жағдайы ауырлап, инфекция жағдайын ушықтырып жіберген.

"Өкінішке қарай, 14 маусымда таңертең Әлішер Советхан қайтыс болды. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Марқұмның туыстары ол COVID-19-ды ауруханада жұқтырды деп санайды. Олардың айтуынша, 28 мамырда ауруханаға жатқызар кезде сынама тапсырғанда теріс нәтиже көрсеткен. Алайда 6 маусымда ер адамның отбасына вирус жұқтырғаны және өкпенің жартысына жуығы қабынғанын айтқан.

Сонымен қатар, полицейлер Павлодардағы түнгі клубта болған оқиға бойынша соталды тергеуді аса ауыр бапқа қайта саралаған.

"Дерек бойынша соталды тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша жүргізілген. Бірақ бүгін жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты ол ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігіне қайта сараланды "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан немесе қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру", - деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтқан еді.

Айта кетейік, Әлішер Советханның түнгі клубта жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Ол 28 мамырға қараған түні әйелінің туыстарының шақыруымен қонаққа барған. Жәбірленушінің туыстары ол соққыға жығылған деп болжап отыр, ал оның жанында болғандар Әлішер баспалдақтан құлап кетті деген нұсқаны айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети