Петропавлда 19 жастағы қызды өлтірген адам ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Петропавлда 19 жастағы қызды өлтірген адамның қылмысы бір күн ішінде ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда 19 жастағы қызды өлтірген адамның қылмысы бір күн ішінде ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бойжеткеннің мәйіті 19 желтоқсан күні табылды. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінен кейін оны өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. "Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері Петропавлдың 1977 жылы туған тұрғынын ұстап, тергеу изоляторына қамады", - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі. Бұл дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысында 40 жастағы тұрғын 25 жастағы Айдана Досқалиеваны өлтіргені үшін 25 жылға сотталған еді. Ол "Зорлауға әрекеттену", "Бірнеше мәрте жасалған зорлық", "Басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру" баптары бойынша айыпты деп танылды. Айта кету керек, сотталушыға бұл қылмыстары үшін 22 жыл жаза берілді, ал бұған қосылған үш жыл - 2013 жылы жасаған ұрлығының жазасы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer