10 сәуір 2019 17:04

Петропавлда жоғалып кеткен әйел өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 123ru.net © 123ru.net

Петропавлда жоғалып кеткен Марина Попованың денесі қаладағы пәтерлердің бірінен табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Рkzsk.info сайтына сілтеме жасап. 


Петропавлда жоғалып кеткен Марина Попованың денесі қаладағы пәтерлердің бірінен табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Рkzsk.info сайтына сілтеме жасап. 

31 жастағы Попова 6 сәуірде екі баласын анасына қалдырып, үйден шығып кеткен. Ол сол күйі жоғалып, байланысқа шықпай қалған соң туыстары іздеу салған. 

Соңғы рет Маринаны кешкі жетілер шамасында жергілікті супермаркетте көрген. Сол кезде ол балаларына хабарласып, оларды келесі күні алып кететінін айтқан. Содан кейін екі баланың анасы із-түссіз жоғалып кеткен. 

"Бүгін, 10 сәуірде, бізге мәйітханадан хабарласты. Белгілері бойынша Маринаға ұқсайтын қыз бар екенін айтты. Балалардың әкесі мен әжесі денені тануға барған, ол Марина болып шықты. Бізге оның пәтерден табылғанын айтты, оны тұншықтырып өлтірген", - дейді туыстары. 

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Марина Попованың өлтірілгенін растады. 

"Водосточный көшесінің 1987 жылы туған тұрғыны биыл 6 сәуірде үйінен шығып, қайта оралмаған. Жедел іздеу шарасы барысында Петропавл полиция басқармасының қызметкерлері 9 сәуірде қалалық пәтерлердің бірінен оның денесін тапты. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді", - деді полиция басқармасының баспасөз-қызметі. 

Адам өлтірді деген күдікпен Петропавл қаласының 1988 жылы туған тұрғыны ұсталды. Қылмыстық істі тергеу аясында дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети