12 желтоқсан 2020 11:32

Петропавлда мас тұрғын полицеймен төбелесіп, қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл қаласының тұрғыны vас күйінде полицейге шабуыл жасап, одан қашып кеткен. Қашпас бұрын мас адам полиция қызметкерінің қалпағын қағып үлгерген, - деп хабарлайды Петропавловск.news.


Петропавл қаласының тұрғыны vас күйінде полицейге шабуыл жасап, одан қашып кеткен. Қашпас бұрын мас адам полиция қызметкерінің қалпағын қағып үлгерген, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Полиция қызметкерімен төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Кадрлардан азаматтық киімдегі ер адам форма киген адамды ұрып, басынан қалпағын қағып жібергенін көруге болады. Полиция қызметкері азаматты тыныштандыруға тырысады. Алайда мас тұрғын сыртқы киімін лақтырып, қашып үлгерді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК ❤ КАЗАХСТАН ? (@skopetro)

Басылым мәліметінше, оқиға 10 желтоқсанда кешке "Северный" үй шаруашылығы ауданында болған. Петропавл полиция басқармасындағылардың хабарлауынша, патруль кезінде тәртіп сақшылар 29 жастағы азаматты тоқтатқан. Ол қоғамдық орында мас күйінде болғаны атап өтілген. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, жасырынбақ болған. Алайда ер адам алысқа қаша алмады. Тәртіп сақшылары қайта ұстап үлгерген.

"Құқық бұзушы ұсталды. Полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау дерегі бойынша материал Әкімшілік кодекстің 667-бабы бойынша жиналды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберіледі", - деді ведомство қызметкерлері.

Жоғарыда аталған бапқа сәйкес, қылмыскерге 55 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе бес тәулікке қамауға алынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети